22 Шілде 2026
Жаңалықтар

Облыстық Baby Skills Atyrau -2026 байқауы

«Baby Skills Atyrau – 2026» облыстық чемпионатының қорытындысы шықты.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша балабақшамыздың тәрбиеленушісі Жаңбырбай Жангүлім Назымбекқызы жүлделі III орынды иеленіп, өзінің таланты мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл жетістік – Жангүлімнің ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Жас дарынның бұл жеңісі алдағы үлкен белестерге бастар жарқын жолдың бастауы болсын!

Жангүлімді жүлделі орнымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Біз сенімен мақтанамыз!

Тәрбиеленушімізді дайындаған тәрбиеші Жиентаева Динара Қуанышқызына шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз жана беріп, жетістіктеріңіз арта берсін!

Сондай-ақ Жангүлімнің анасына қызына әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің қамқорлығыңыз бен жанашырлығыңыз – бала жетістігінің берік негізі.

Барша ұйымдастырушылар мен қолдау білдірген жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңыз ортақ жетістіктің кепілі.