22 Шілде 2026
Жаңалықтар

Қалалық келіндер сайысы

Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде «Келін – шаңырақ шаттығы» атты қалалық келіндер сайысы жоғары деңгейде өтті.

Аталған сайыста Бесікті ауылдық клубының атынан қатысқан «7 Күншуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ыбырашева Гүлнұр Еламанқызы өзінің өнері мен парасатын танытып, көпшіліктің ықыласына бөленіп, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс – ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш. Әріптесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!