22 Шілде 2026
Жаңалықтар

Қалалық Baby Skills Atyrau -2026 байқауы

Мектеп жасына дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында өткен «Baby Skills Atyrau – 2026» қалалық чемпионатында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша балабақшамыздың намысын абыроймен қорғаған мектепалды «Өркен» тобының тәрбиеленушісі Жаңбырбай Жангүлім Назымбекқызы жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Бұл – тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің және талмас талаптың жемісі. Жас дарынның бұл жетістігі – балабақшамыз үшін үлкен мақтаныш.

Жеңісің құтты болсын, Жангүлім! Облыстық кезеңде де жоғары нәтижелерге қол жеткізуіңе тілектеспіз.

Тәрбиеленушімізді дайындаған тәрбиеші Жиентаева Динара Қуанышқызына шәкірт тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Еңбегіңіз еленіп, жетістіктеріңіз еселене берсін!