22 Шілде 2026
Жаңалықтар

№7 Күншуақ бөбекжай-бақшасы .Қалалық семинар .

13 наурыз күні біздің балабақшамызда «Ұлттық құндылықтан басталған тәрбие – экологиялық тазалық пен қаржылық мәдениетке жол» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Мақсаты: ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие арқылы жас ұрпақтың бойында туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, сондай-ақ үнемшілдікке баулу арқылы қаржылық сауаттылықтың бастапқы дағдыларын меңгерту. Ұлттық тәрбие мен заманауи білім беру бағыттарын ұштастыра отырып, саналы, жауапкершілігі жоғары, табиғатты аялауды және ресурстарды тиімді пайдалануды білетін тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • ұлттық құндылықтар арқылы балаларға тәрбие берудің маңызын түсіндіру;
  • балалардың бойында табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау дағдыларын қалыптастыру;
  • үнемшілдікке, затты қадірлеуге және қаржыны орынды пайдалануға баулу;
  • тәрбие үдерісінде ұлттық салт-дәстүр мен заманауи тәрбиені ұштастыру;
  • педагогтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру арқылы бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.

Қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды шара ретінде өтті.

Семинар барысында Қалалық білім бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім» бөлімінің әдіскері Қарабалиева Жұмағаным Айдаровна құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына ерекше тоқталды. Өз сөзінде мұндай мазмұнды әрі ауқымды семинардың бұрын-соңды ұйымдастырылмағанын атап өтіп, оның үлкен дайындықпен, тың идеялармен және жүйелі еңбектің нәтижесінде жүзеге асқанын жоғары бағалады. Сонымен қатар бұл семинардың ұлттық құндылықтарды дәріптеу, экологиялық мәдениет пен қаржылық сауаттылықты қалыптастыру бағытындағы тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң екенін атап өтті.

Сондай-ақ балабақша меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Кабиева Ақтолқын Нагимовна келген қонақтарды ілтипатпен қарсы алып, жүрекжарды «Қош келдіңіздер!» лебізін білдірді. Өз сөзінде ол әлі бір жылға да толмаған жас ұжымға осындай жауапты шараны өткізуге сенім артқан Қалалық білім бөлімінің басшылығына шынайы алғысын жеткізді.