7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты педагог – сапалы болашақ» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен жылдамдығын, ұйымшылдығы мен шеберлігін көрсете білді. Әр кезең тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Аталған жарыста балабақшамыздың педагогтері жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Әріптестерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай игі шаралар – салауатты өмір салтын насихаттаудың, дені сау ұрпақ тәрбиелеудің және жарқын болашаққа бастар нық қадамның айқын көрінісі.
